USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Балалар үйіне тренажер тарту етілді

Балалар үйіне тренажер тарту етілді

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінде негізінен ата-анасынан ғана емес, денсаулығынан да айырылып, жарымжан атанған сәбилер тәрбиеленеді. Десе де, мұндағы дәрігерлер мен күтушілер олардың әрқайсысын аяғынан тұрғызуға тырысып, әрбір басқан қадамына қуанып отырады. Егер қалталы адамдардың мейірімі түсіп, қол ұшын созып жатса, бақытты шақты бастан кешіреді.

Бұл жолы аталған балалар үйіне «Қасиетті жол» қоғамдық қорының директоры Айнұр Аязбаева Астанадан арнайы келіпті. Және құр қол емес.

– Біздің қор «Нұр Отан» партиясының ұйтқысымен қолға алынған «Болашақ ұлт – дені сау ұрпақ» бағдарламасына қатысады. Жобаның серіктесі – «Самрұқ-Қазына» қоры. Жоба аясында біз ата-ананың мейірімі мен қамқорлығынан қағылып, жетім атанған балалардың дамуы үшін тегін құрал-жабдықтар ұсынамыз. Бұл мақсатқа 18 миллион теңге бөлінген. Мысалы, Өскемендегі балалар үйіне тірек-қимыл ауруларымен ауыратын бүлдіршіндердің сауығып кетуі үшін арнайы тренажерды сыйға тартып отырмыз, – дейді Айнұр Аязбаева.

– Балаларымыздың кейбіреуі тіпті өздігінен жүріп-тұра алмайды. Біз аталған қордың мұндай қамқорлығына ризамыз. Сонымен қатар, жүруге арналған ортопедиялық тренажер мен орындықтар, велотренажерлар да тарту етті. Біздің балалар үйінде небәрі 4-5 жастағы сәбилер тәрбиеленеді. Олардың сауығып кетуіне енді толық жағдай бар, – дейді мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Гүлнар Даниярова.

Сонымен қатар, аталған қор балалар үйінде қызмет істейтін реаниматолог мамандардың Алматыдағы семинарға қатысып, біліктілігін жетілдіруі үшін оқу ақысын да төлеп берген көрінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: балалар үйі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде