USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұғалімдер жалақысы қанша пайызға көтеріледі?

Мұғалімдер жалақысы қанша пайызға көтеріледі?

– Жақында теледидардан білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға көтерілетіні туралы естіген едік. Сол 40 пайыз 1 сәуірден бастап па, әлде, 1 сәуірде 10 пайыз қосылып, 2015 жылы 40 пайыз бола ма? Қазір мектептегі барлық қызметкерлер 1 сәуірден бастап 40 пайыз қосылады деп жүр, сол рас па?
Р.Сайынова, Семей қаласы

Сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының бас сарапшысы Д.Бекбосынова жауап береді:

– Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін әзірлеу және оны енгізу тапсырылды.

Ол негізгі персоналдың жалақысына: денсаулық сақтау саласында 28 пайызға дейін, білім саласында – 29 пайызға дейін, әлеуметтік салада 40 пайызға дейін арттыруды қамтуы қажет.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төленеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мұғалімдер жалақы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
8 комментариев
  1. Жанат
    Өтірік, ақша қосылған жоқ!
  2. С.Сералиева
    2014 жылдың 1 сәуірінен бастап мектептің бар қызметкерлеріне айлық жалақысы 10 пайызға көтеріледі деген, қазір мамыр айының жалақысына да қосылмай отыр, осынын жауабын кім береді екен?
  3. Закира
    Ашейін халықты алдап шығарып салу 10 пайыз өсірді 10 пайыз зейетақыға алынды. Не деген масақара. Одан да 10 пайыз өсірдік деп алдамайақ қойсын біздерді.
  4. айгуль
    Бәріде бос сөз. Халықты алдап ақша жеп тоймай отырған үкімет басшылары.
  5. гүлжан
    2015 жылы мұғалімдер жалақысы қанша пайызға көтеріледі?
  6. Ажар
    Гулжан, қам жемеңіз, жалақыңыз 150 пайыз өседі)) Ауызша өсіп келеді ғой, 2 жыл болды.
  7. апай
    Соны сұрап жүйкені ауыртпау керек абзалы өссе де, өшсе де бізге пайдасы жоқ.
  8. фатима
    Ештеме қосылмаса онда неменеге айта береді. Жұрт ойлайды мұғалімдер қырып алады деп.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде