USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дарындарды даралайтын сайыс

Дарындарды даралайтын сайысДәл қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиадасы өтуде, деп хабарлайды «Жас Журналист» үйірмесінің тілшілері.

Бесінші рет ұйымдастырылып отырған пәндік олимпиада қара шаңырақтың 80 жылдық тарихымен тұспа-тұс келуде. Талай жүйріктерді түлеткен қасиетті орда «QS-star» халықаралық рейтинг агенттігінің «Үш жұлдыз – Үздік сапа белгісі» номинациясымен марапатталған Орталық Азиядағы жалғыс университетке республикамыздағы 11 жоғарғы оқу орындарынан келген болашақ журналистер 2 кезең бойынша сайысқа түсуде. Бірінші кезеңде теориялық білімді тексеру мақсатында онлайн тест өткізілсе, екінші кезеңде үй тапсырмасы бойынша: «Ең үздік таныстыру», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік мақала» , «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша әділқазылар алқасы саралайтын болады.

80-жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақтың журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы мен журналистика факультеті деканының ғылым, инновация және халықаралық қатынастар жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қарлыға Мысаева сайыскерлерге сәттілік тілеп, олимпиада шымылдығын ашты.

Олипиада қорынытындысы барлық кезеңдерден соң анықталады.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
4 комментария
  1. Жанбота Еркінұлы
    Бұл бір қуанышты жайт қой. Себебі жас журналисттерге талпыныс беретін керемет шара өтуде. Тек айтқым келетіні бір, ұздік команда анықтау қиын соғады. Әр журналисттің өз қолтаңбасы бар, сол сияқты әр команда өз талабымен ерекше!
  2. Арнұр
    Барлық командаларға сәттілік!!! "Шығыс шынары" тек алға!!! Өздеріңнің мықтылардың мықтысы екендіктеріңді дәлелдейтін кез келді!!! Біз сендерге сенеміз!!!
  3. Ханшайым
    "Шығыс шынары" тобы жеңісті қолдан бермеңдер! Біз сендердің білімді, алғар, жаңа технологиянынң меңгерген және от тілді, орақ ауызды мықты маман иесі болатына көзіміз жетеді.
  4. Шырайлым
    «Шығыс шынары» тобының қыздарына сенім артамыз!!! Тек алға ! Сәттіліктің күні алдарыңнан жарық болсын демекпін!
Біз әлеуметтік желілерде