USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шаңғы жарысы мәреге жетті

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шаңғы жарысы мәреге жетті

Жақында Глубокое ауданы, Бобровка ауылында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан спартакиада өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа қатысушылар бес топқа бөлінді. Жарыс жолына шыққан шаңғышылар мәреге бірінші жету үшін бар күш-жігерлерін салды. Нәтижесінде өңірдің қалалары арасында мәре сызығын Зырян қаласының шаңғышылары бірінші болып кесті. Екінші орынды – Риддер, үшінші орынды – Өскемен қаласының мемлекеттік қызметшілері иеленді.

Жарыс жолына шыққан 12 ауданның ішінен Үржар ауданының мемлекеттік қызметшілері 50 ұпаймен бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды Көкпекті, 3 орынды Глубокое ауданының шаңғышылары еншіледі. Облыстық басқармалар арасында 1-орынды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, 2-орынды ревизиялық комиссия, 3-орынды облыстық қаржы департаменті иеленді. Құқық қорғау қызметкерлері арасында 1-ші орынды облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, 2-орынды ішкі істер департа-менті, 3-орынды облыстық қаржы полициясы қызметкер-лері қанжығаларына байлады.

Бесінші топта бәсекеге түскен аумақтық басқармалар арасында «Ауыл шаруашылық өндірістік кешені» инспекциясы қызметкерлері топ жарды. Екінші орынға статистика басқармасы, 3-орынға облыстық сот иелік етті.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде