USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Құтқарушылар жүргізушіні жол-көлік апатынан аман алып қалды

Құтқарушылар жүргізушіні жол-көлік апатынан аман алып қалды

Өскемен-Семей тасжолында облыс орталығынан Ресейдің Рязань қаласына бет алған жүк көлігі жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дәлірек айтсақ, көлік жүргізушісі көктайғақ салдарынан темір тұлпарының тізгініне ие бола алмай, нәтижесінде машина жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

– Жүргізушінің айтуы бойынша, көлікке 20 тоннадай металл құрылымдары тиелген екен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылардың нақты іс-қимылдары нәтижесінде көлік иесі, беларусь ұлтының азаматына алғашқы көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне қауіп төндіретіндей ештеңе жоқ, – дейді Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы Д.Алябьев.

Аталған оқиға орнында жеке құрамның 20 қызметкері мен алты техника жұмыс істеді. Жалпы, құтқару операциясы шамамен бес сағатқа созылғанын айта кеткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: құтқарушылар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде