USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасы Астанада насихатталды

Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасы Астанада насихатталды

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Ұлттық «Астана- Байтерек» сыйлығының лауреты Аймұханбет Тұрсынбекұлы Бейсембеков елордадағы Қазақстан-Ресей университеті басшылығының арнайы шақыруымен «Абайтану» орталығы мен Астана қаласының № 56 дарынды балалар мектеп-гимназиясының «Абай және Шәкәрім» танымдық клубында 13, 14 наурыз күндері «Абай шәкірттерінің музыка мұрасы және оның тәрбиелік маңызы» тақырыбында дәріс-концерт өткізді.

Аймұханбет Тұрсынбекұлы өткізген дәріс-концертті Астана қаласының мектеп оқушылары мен музыка пәнінің мұғалімдері, университеттің студенттері мен ұстаздары тыңдап, тамашалады.

Дәріс барысында мәдениет қайраткері Абай және оның «Әдеби мектебінің» Шәкәрім, Мұқаметжан, Ақылбай, Әсет, Уәиіс сынды шәкірттерінің музыка мұрасы туралы баяндап берді. Олардың әндерін Астана филармониясының белгілі әншілері Е.Рысқалиев,Т.Нұрханұлы, Б.Мұқан және Айтмұханбет Бейсембековтің өзі де орындап, күллі жұртшылықты тәнті етті.

Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасы Астанада насихатталды

Бейсембеков Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін алыс-жақын шет елдерде, Түркия, Қытай, Франция, Испания, Италия, Мәскеуде де атақты Чайковский коцерт залында асқақтата шырқаған. 2004-жылы А.Бейсембеков Абайдың дүниеден озғанына 100 жыл толуына орай Астана қаласы Президент орталығында «Абайды тыңда таңырқа» атты дәріс-концерт өткізген кезде ҚР мемлекеттік хатшысы бастаған үкімет басшылары қатысып, әнші-композиторға деген зор алғыстарын білдірген еді.

Үстіміздегі жылы ойшыл, дана Абайдың дүниеден өткеніне 110 жыл толады. Осыған байланысты А.Бейсембеков Абайды еске алу мақсатында Алматы қаласында «Абайды тыңда таңырқа» атты дәріс-концертін өткізуді жоспарлап отыр.

Жания Тыныбаева
Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы Университетінің аға оқытушысы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: абай Астана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. ононим
    Не қатысы бар Абайға?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде