USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей жайдарман тобы Қазақстан КВН ойындарының ширек финалына өтті

Семей жайдарман тобы Қазақстан КВН ойындарының ширек финалына өтті

Сан мәрте Шәкәрім университетінің ғана емес, Семей шаһарының, шырайлы шығыстың намысын қолдан бермей, биік белестерден көрініп жүрген «Альянс» жайдарман тобы 10-11 наурыз аралығында «Қазақстан КВН Одағы» аясында өткен Республикалық Жоғары лига ойындарының Х чемпионатының 1/8-финалдық бәсекесінде өнегелі өнер көрсетіп, 1/4-финалдық сайыстарға жолдама алды.

Бұл бәсекеге 24 команда тіркеліп, оның 14-і 1/4-финалдық жарысқа жолдама алды.

2013 жылмен салыстырғанда, биылғы маусымда Жайдарман командаларының стилі жаңарды. Өткен жылғы маусым «ғажайыпқа толы» болса, биыл жайдарманшылар қазақ әдебиетімен сусындады.

«Әдебиет маусымында» бидің түбін түсіретін «Альянс» жайдарман тобы жаңаша серпін берді. Тамылжыта ән айтты, қазақтың бас ақыны – Абайдай нар тұлғаның кіндік қаны тамған жердің киелілігін, тектілігін көрсетті, көсемдіктері мен шешендіктерін байқатты. Қысқасы, «Альянс» командасы жайдарман топтарының ішіндегі үздіктердің үздігі екендіктерін дәлелдеп берді. Әзіл бәсекесіне қатысқан барлық командалардың ішінде «Жайдарманның» төрінде жұлдыз болып жарқырап тұрғаны – «Альянс» десек артық айтпаған болармыз.

Семей жайдарман тобы Қазақстан КВН ойындарының ширек финалына өтті

Иә, семейлік жайдарманшылар бұл маусымда шыңдалды, өсті. Салиқалы, астарлы әзілін көбейтті. Шеберліктерін ұштап, әдеби сауаттылықтарын көрсете білді. Жайдарманшыларымыз финалдық бәсекеге өту жолында аз тер төккен жоқ. Олар кітапханаларды тоздырып, әдеби кітап, түрлі басылымдардың бетін парақтап, талмай еңбектенді. «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, «Альянстың» бүгінгі жеңісі 100 пайыз таза еңбектің жемісі.

Олай болса, еңбекқор «Альянс» жайдарман тобына тек сәттілік серігі болып, финалда жұлдызы жарқырасын деп тілейік.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде