USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жастар жаңа туған сәбилерге тарту-таралғы жасады

Жастар жаңа туған сәбилерге тарту-таралғы жасады

Жылдағыдай емес, биылғы Наурыз-Думанға жастардың белсене қатысуы КСРО кезеңі сіңірген орыс рухынан бірте-бірте арыла бастаған ШҚО-ның Бородулиха ауданы Белағаш жерінде ерекше орын алуда.

Жыл сайын халық саны кеміп отыратын демографиялық кері сальто орын алған ауданда бұндай игі қадамға қашанда қуана қол соғасың. Көбіне жаңа отау көтерген отбасылардың бір баламен шектелу оқиғасын және көрші елге қарай үдіре көшушіліке бейімдігін тоқтатуға жастар шындап ден қойған сияқты. Бородулиха аудандық жастар орталығының жыл басынан бері атқарған жұмыстарынан жас отбасыларына қатысты игі шаралардың нышанын бек сезініп отырамыз.

Тек биылғы тарпаң мінезді, алаш рухты Жылқы жылымен бірге Бородулиха өзінің қазақи келбетін таба алғандай. Осы жолда өзге ұлт арасында рухани құндылықтарымызды насихаттауға "Мәңгіліе Ел" идеясымен айбаттанған жастарымыздың жүруі көңілді жадырартары анық.

Қай жерде жастар болса, сол жерде соны идеялардың өмірге келетіні өтірік емес, сондай Ұлттық Жаңа Жылымыз алдындағы айшықты оқиға Бородулиха аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен ауданның демографиялық дамуына үлес қосып жатқан, өздерінің сәбилерін жақында босанған төрт ананың үш ұлы мен бір қызына Бородулиха аудандық ауруханасына барып Жаңа Жылдық ескерткіш тарту-таралғы жасап қайтты.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қазақстан жастары
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде