USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласында бір күнде 8 тонна ет сатылды

Өскемен қаласында бір күнде 8 тонна ет сатылды

Өскемен қаласында өткен кезекті жәрмеңкеге көкпектілік шаруалар келіп, ауылшаруашылық өнімдерін қалалықтарға арзан бағамен ұсынды. Жәрмеңкеде азық-түлік нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сауда орнындағы сөреге қойылған қой етінің келісі – 900, сиыр еті – 1000, жылқы еті 1200 теңгеден саудаланды. Көкпектілік шаруалар 8 тоннаға жуық төрт түлік етін әкеліпті.

– Өнімнің барлығы өзімізде өндіріледі. Көкпекті ауданында 66 230 бас ірі қара, 128 350 бас ұсақ мал, 13 000 жылқы, 1351 шошқа, 85 910 құс өсіріледі. Асыл тұқым-ды мал саны да көбеюде. Омарта шаруашылығы бойынша 1332 бал ара ұялары мен 1864 бас марал өсірілуде. Сонымен қатар, біздің ауданда қосалқы шаруашылықтар да жақсы дамыған. Азық-түлік бағасының шарықтауына жол бермес үшін ауданда тұрақтандыру қорын құрдық, – дейді Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Марат Теміржанов.

Негізгі тұтыну тауарларының ішінде дәнді дақылдар да сатылды. Арпа жармасы, қызыл бидай, қарақұмықты қала тұрғындары қабымен әкетіп жатты. Ерекше сұраныстағы азық, әрине, ұн болды. 1-ші сұрыпты ұнның 1 келісі 50 теңгеден сатылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жәрмеңке
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде