USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жезкент кентінде мейрамхана ашылды

Жезкент кентінде мейрамхана ашылды

Бородулиха ауданының Жезкент кентінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетем деген жандарға аудан басшылығы барша жағдай жасап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Таяуда бизнеспен көптен айналысып келе жатқан жеке кәсіпкер Б.Баймухаметов өз қаржысына 190 орынға банкеттер мен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі бар «Самрұқ» мейрамханасын салтанатты түрде ашты. Жезкент кентінің тұрғындары мен лауазымды тұлғалар қатысқан осы салтанатты рәсімде жаңа мейрамхананың лентасын аудан әкімінің орынбасары Б. Аргумбаев пен мейрамхана иесі Б. Баймухаметов қиды.

Бір қуаныштысы осы мейрамхананың жұмыс істеуі 6 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беріп отыр, бұл дегеніңіз Бородулиха аудан әкімшілігінің шағын және орта бизнестің дамуына үлкен мән беретіндігін танытады.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде