USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жемқорлықпен күрестің математикалық формуласын ойлап тапқан қыз Президентпен кездесті

Жемқорлықпен күрестің математикалық формуласын ойлап тапқан қыз Президентпен кездесті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Математика» мамандығының магистранты, ғылыми 10 мақалалардың авторы, студенттердің ғылыми байқауларының 4 дүркін жеңімпазы Анар Баймырзаева 7 наурыз күні халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткен ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуге «Көктем шуағы» делегациясының қатысушысы ретінде барды.

Мемлекет басшысымен жүздесуге экономика, мәдениет, әлеуметтік саланың, мемлекеттік қызметтің түрлі секторларының өкілдері қатысты.

Әр жыл сайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем шуғаы» атты Қазақстан әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде Президент қоғамдағы әйелдердің рөлі орасан зор екенін айта келе, нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Өткен жылы студент Анар Баймурзаева жыл сайын дәстүрлі түрде ҚР Білім және ғылым министрлігінің мұрындық болуымен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша өтетін студенттердің инновациялық жобалары республикалық байқауында үздік деп танылған болатын.

ҚР БҒМ байқауында жеңімпаз атанған Анардың ғылыми жобалары жайында бірнеше мақалалар шығып, бұл өз кезегінде ҚР экономикалық және жемқорлықпен күрес жөніндегі Агенттік назарынан тыс қалмады. Сөйтіп, Агенттік өкілдері жас ғалым мен оның ғылыми жетекшісі, «Математика және математиканы оқытудың әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жолымбаев Оралтай Мұратқанұлын әріптестік байланыс орнатуға шақырады.

Жемқорлықпен күрестің математикалық формуласын ойлап тауып, ғылымға жаңашылдық енгізген Анар Баймырзаева ел Президентімен кездесу барысында сөз алып, елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стартегиялық бағытын қалыптастырудың негізгі тетіктеріне тоқталды. Жас ғалым ойлап тапқан математикалық формула еліміздегі жемқорлыққа қарсы күреске тосқауыл қоятын шаралардың бірі екенін атап өтті. «Мен үшін елбасымен кездесіп, Президенттің зор ықыласына, алғысына бөлену - үлкен мәртебе», -дейді Анар.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жемқорлық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде