USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Әлем чемпионы Галина Вишневская Семейге оралды

Әлем чемпионы Галина Вишневская Семейге оралды

Америкада шаңғыдан жастар арасында өткен әлем чемпионатында бабы мен бағы қатар жанып, күміс пен алтынды қанжығасына байлаған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Галина Вишневская бүгін Семейге оралды.

Төрткүл дүние көз тіккен әлем біріншілігінде топ жарып, күллі жұртты аузына қаратқан жас спортшыны темір жол бекетінен күтіп алуға оның жақындары, ұстаздары мен достары, БАҚ өкілдері арнайы келді.

Галина Вишневская осы уақытқа дейін талай-талай биік шыңдарды бағындырып, өзін мықты спортшылардың қатарынан екенін мойындатқан спортшы. Айта кетейік, Галина Вишневская - биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 19 жасар Галина 2010-2011 жылдардағы Азия чемпионы, 2012 жылы жасөспірімдер арасында өткен қысқы Олимпиада ойындарында, биатлоннан Әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған. Словакия жерінде жазғы биатлоннан өткен IBU кубогінің екінші кезеңінде 1 орынды иеленді. Енді, міне, әлем чемпионатында спорт саңлағы ел намысын қорғап, қос бірдей жүлдемен қанжығасын майлады. Еліміздің көк байрағын көкке желбіретіп, Қазақстанды даңққа бөледі.

Әлем чемпионы Галина Вишневская Семейге оралды

Галина биатлонның қыр-сырын үйретіп, тәжірибесімен бөлісетін бапкері , биатлоннан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаиль Мирсалимовке деген зор алғысын жаудырды сұхбат барысында. Жас спортшының алға қойған мақсаты да жоқ емес. Галина өз сөзінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін сәтті тәмамдап, еліміздің спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосуды, ел абыройын асқақтатуды мақсат тұтатынын айтты.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: галина вишневская
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде