USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен көшелерінде тегін косметика таратылды

Өскемен көшелерінде тегін косметика таратылды

Кеше Өскемендегі Ушанов алаңындағы жол қапталында нәзік жандылар қауымы ұзын-сонар кезекке тұрды. Бұған себеп - «Mary kay» компаниясының Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы тегін косметикалар акциясы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шағын сый-пакеттің ішінде қас бояуға арналған тущьтен бастап, ерін бояйтын далаптар, иіссулар мен қол орамалдар бар екен. Мереке қарсаңында мұндай базарлықты тегін таратып жатқан косметикалық компанияның мәрттігіне өскемендік қыз-келіншектер дән риза. Бір әттеген-айы сыйлық мөлшері шектеулі. Сондықтан да болар ұзын-сонар кезекте тұрып, алға қарай ентелегендердің қарасы көп.
Компания өкілі Светлана Давы-дованың айтуынша, мұндай сыйлықтар қала ішінде 3 жерде таратылып жатыр екен.

– Біз жыл сайын 8-наурызда осындай акцияларды ұйымдастырып тұрамыз. Тұтынушыларымыз негізінен қыз-келіншектер болғандықтан, оларға мәрттік жасау біздің міндетіміз болып табылады, – дейді ол.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Алтын
    Бағасы қанша?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде