USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Светлана Ферхо азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Светлана Ферхо азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қоғамдық қабылдауға 32 адам жазылып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды. Келіп түскен өтініштердің арасында жер телімі, зейнетақы мәселесі, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалы, жұмыспен қамту сияқты сауалдар болды.

Олардың бәріне Мәжіліс депутаты еліміздің заңдарына сәйкес жауап беріп, азаматтардың өтініш-ұсыныстарын негізге ала отыра, мемлекеттік орган басшыларына әрбір мәселе бойынша түскен арыздарының дәйектілігін мұқият зерделеп, көмек көрсету жағдайларын қарастыру қажеттігін тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде