USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Инвестициялық жобалар Глубокое ауданында жүзеге асырылуда

Инвестициялық жобалар Глубокое ауданында жүзеге асырылуда

Қазіргі кезде Глубокое ауданы, Киров ауылдық округінде инвестициялық жобалар бойынша жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«ЭКО-ФАРМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20 млн. теңге өз қаражатына жылыжай салу қамымен айналысуда. Биыл бір жылыжайды бітіріп, іске қосқаннан кейін тағы бірнеше жылыжай салу жоспарында бар. Алғашқы кезде мұнда 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі кезде Прапорщиково ауылының жанынан жылыжай салатын жер телімін алу үшін құжаттарын әзірлеп жатыр.

Жеке кәсіпкер А.Иванюк ет бағытындағы шошқа тұқымын өсіретін ферма салуды жоспарлап отыр. Жобаны өз қаражатымен қоса, қарыз капиталы есебінен қаржыландырмақшы. Ферма биыл іске қосылады. Жобаны толық жүзеге асырған кезде 11 жұмыс орны ашылады. Бұл күндері ферманы салатын жер телімін алуға құжаттарын дайындауда.

Ал жеке кәсіпкер М.Дубравин 9,6 млн. теңге өз қаражатына пейнтбол клуб салмақшы. Құрылысын қысқа мерзім аралығында бітіріп, 10 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде