USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зайсан ауданының шаруалары өз тауарларын Өскемен жәрмеңкесінде ұсынды

Зайсан ауданының шаруалары өз тауарларын Өскемен жәрмеңкесінде ұсынды

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласында өтіп келе жатқан кезекті сенбілік жәрмеңкеге Зайсан ауданының шаруалары өз тауарларын әкелді. Жәрмеңкені ШҚО әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев аралап, көрді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан шаруалары сенбілік жәрмеңкеге жиыны алты тонна сиыр, жылқы, қой етін, екі тонна картоп, бір тонна сәбіз, қырыққабат әкелді. Сиыр мен қой етінің келісі – 900 теңге, жылқы – 1000, қазы – 1500 теңгеден сатылды.

Қытаймен шекаралас аймақ болғандықтан, екі-үш тонна көкөніс пен жемістің де алуан түрі жеткізіліпті. Қала тұрғындары мандарин мен алма, бананның келісін – 220, апельсинді – 280, қияр мен қызанақты 380 теңгеден сатып алды.

Зайсан көлінің балықтары да жұрт назарынан тыс қалмады. Әсіресе, «Рыбаки Зайсана» ЖШС балықтың түр-түрін қолжетімді бағамен сатты.

Қазақша таза сөйлейтін зейнеткер Валентина Сергеева Дайыр ауылдық округіндегі «Михаил» шаруа қожалығының жетекшісі екен. Иелігінде 125 гектар жері, қорасында 50 - 60 ірі қарасы бар Валентина Михайловна ірі қара еті мен күнбағыс майын саудаға шығарды.

«Азамат» шаруа қожалығының иесі Асқар Шәкенұлының көкөніс өсірумен айналысқанына 10 жыл болыпты. Оның өніміне қызығушылар да көп болды.

– 100 гектар егіндік жерім бар. Өткен жылы 15 гектарға картоп, бес гектарға қауын-қарбыз еккенбіз. Былтыр жаңбырлы болғандықтан, мол өнім алдық. Биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы үш миллион теңгеге тапсырыс беріп қойдық. Өнімді өткізуде еш қиыншылық жоқ. Осындай жәрмеңкелердің де пайдасы көп тиеді, – дейді ол.

Қала тұрғыны, зейнеткер Әділбек Бейсенбекұлы жәрмеңкеге тұрақты келушілердің қатарынан көрінеді. Ол зайсандық шаруаларға риза екенін білдірді.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жәрмеңке
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде