USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Республикалық пікір-сайыс турнирі Семейде алғаш рет бастау алды

Республикалық пікір-сайыс турнирі Семейде алғаш рет бастау алды

1 наурыз күні Семейдің Шәкәрім университетінде «Ректор кубогіне» арналған «Білімді жастар – болашаққа жол бастар» атты республикалық пікір-сайыс турнирі бастау алды. Университеттің ректоры Шәріпбек Әмірбековтің қолдауымен Семейде республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған турнирдің өтуіне университеттің «Конгресс» зияткерлік дебат клубы және студенттік Парламент мұрындық болды.

Қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, олардың жан-жақты дамуына, шығармашылық және шешендік қырларын ашуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге атсалысу. Студенттер арасындағы достық қарым-қатынастың нығая түсуіне ықпал ете отыра, оларды қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге шақыру. Міне, турнирдің басты мақсаты осы.

Республикалық пікір-сайыс турнирі Семейде алғаш рет бастау алды

Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Балқаш және Шымкент қалаларынан келіп, киелі Семей жерінде бас қосқан жас пікір-сайысшылар ең алдымен Шәкәрім университетінің мұражайын аралады. Еліміздегі ең іргелі оқу орындардың бірі саналатын қара шаңырақтың тарихымен, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімен танысқан жас меймандар алған әсерлерімен бөліскен соң университеттің паркинг залына жиналды. Жиынның ашылуында сөз алған ғылым, инновация және стратегиялық даму жөніндегі проректор Әмірханов Құмарбек Жүнісбекұлы еліміздің әр қиырынан келген турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

1-2 наурыз аралығында өткен дебат турнирі өте тартысты әрі қызықты өтті. Фракцияларға бөлінген студенттер пікір-сайыс алаңында тақырып бойынша ойларын ортаға салды. Ойын барысында План «Б» фракциясының ойыншылары Бердәлі Құнанбай және Елтах Дәулет (АПФ форматы), сондай-ақ, ең үздік пікір-сайысшылар деп танылып, 1 орынды иеленді. Ал, «Император» фракциясының ойыншылары Аңламас Маржан және Тұрсынов Бақытжан (АПФ форматы) 2 орынды еншілесе, 3 орын «ZE champion» фракциясының пікір-сайысшылары Ықылар Жеткер және Тұрғазы Ерназарға (АПФ форматы) бұйырды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған пікір-сайыс жарысында «Конгрестің» арнайы сыйлығы Бекарыстан аманжолов, Абылай Құрметұлы, Нұрзат Секербай, Еламан Ташкеновке ұсынылды. «Ең үздік төреші» атағын Павлодар қаласының студенті Жастілек Тілеулес жеңіп алса, «Үздік төреші» аталымына Ғабит Жалал (Шымкент қаласы), Қуаныш Молдақашев (Семей қаласы), Қымбат Мейрамғазықызы (Семей қаласы), Мейіргүл Мұралбек (Семей қаласы), Қымбат Дүкенбай (Қарағанды қаласы) ие болды.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде