USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен жаяу жүргіншілер көпірі жөнделеді

Өскемен жаяу жүргіншілер көпірі жөнделеді

Өскемен студенттер қалашығында орналасқан Комендантка өзенінің үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жөнделетін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ескіріп, әбден тозуға айналған ағаш тақтайлар мен бетон тепкішектер бүгінгі уақыт талабына сай жаңартылмақ. Қазір Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері жергілікті әкімдікке өтінім жіберу мақсатында смета әзірлеуде.

– Біз бұл жұмысқа қанша қаражат жұмсалатынын есептеп, анықтап жатырмыз. Сосын көпірді жөндеуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолдаймыз, – дейді бөлім басшысы Жандос Байырханов.

Әзірге жөндеу жұмыстарының қашан қолға алынатыны белгісіз. Қазынадан қалай қаржы бөлінеді, солай құрылыс басталатынын айтады мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде