USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жастар Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасымен танысты

Жастар Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасымен танысты

Абайдың және оның шәкірттерінің музыка мұрасын жастарға нәсихаттау мақсатында Семейдің мемлекттік Шәкәкрім атындағы университетінің аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері - Бейсембеков Аймұханбет «Абай шәкірттірінің музыка мұрасы және оның тәрбиелік маңызы» атты лекция-коцерт бағдарламасын дайындап, Семей қаласының мектеп оқушыларына, колледждер және университеттер студенттеріне эстетикалық тәрбие сабағы ретінде өткізуді бастады.

Алғашқы лекция-концерт ақпан айының 26-күні, үстіміздегі жылы ашылғанына 90 жыл толып отырған республикадағы байырғы мектептердің бірі Шәкәрім атындағы №5 дарынды балалар мектеп-гимназиясында өткізілді. Ұлы ақын Шәкәрім атындағы екі білім ордасы кәсіби бағдарлама жұмысын, ғылыми методикалық жұмыстарын тығыз байланста жүргізеді.

Бейсембеков А.өзінің лекциясында Абайдың және оның шәкірттерінің шығармаларының қазақ музыкасының ән жанрындағы новаторлығы мен тақырып алуандылығы,музыкалык құрылым ерекшеліктері туралы әңгімелеп, олардың әндерінің шығарылу,орындылу тарихы туралы мағлұмат берді.

Жастар Абай және оның шәкірттерінің музыка мұрасымен танысты

Лекция барысында Абайдың шәкірттері - Шәкәрімнің, Мұқаметжанның, Ақылбайдың, Әсеттің, Уәистің ғұмырнамасы мен олар өмір сүрген тарихи кезеңдер туралыда әңгімеленді. Лекцияның музыкалык бөлімінде Абайдың, Шәкәрімнің әндерін осы мектептің өнерпаз шәкірттері - Ә.Советбекова, С.Ақтанова, А.Қабдолова, Г.Түрғазиева орындаса, Ақылбайдың, Әсеттің, Уәйістің әндерін университет студенттері - П.Отан, Н.Ісбек, Қ.Садықов нақышына келтіріп орындады.

Осындай эстетикалық тәрбие лекция-концерттері наурыз айында қаладағы №17 және №8 мектептерде жалғасын таппақшы.

Отан Парасат – Семей мемлекттік Шәкәрім атындағы
Университетінің 3-курс студенті
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: абай
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде