USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Футболдың қыр-сырын зерттеген профессор төсбелгімен марапатталды

Футболдың қыр-сырын зерттеген профессор төсбелгімен марапатталды

Өткен жылдың тамыз айында Семейде Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы дүркіреп өткені баршамызға мәлім. Дүбірлі тойға семейліктер ұзақ уақыт дайындалды. Мерейтой аясында облыс көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралар атқарылды. Ғасыр тойға қатысып, елеулі үлес қосқандар, оның ішінде БАҚ өкілдері назардан тыс қалмады. Семейдегі бірқатар журналистер «Қазақстан футболының 100 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы да бар.

Өмірзақ Сұлтанов – спортты насихаттайтын журналист ретінде белгілі. 2013 жылы Өмірзақ Сұлтанов «Семей – Қазақстан футболының отаны» атты кітап жазып шығарды. - Мен бірнеше жыл бойы спорттық шараларды халыққа насихаттап жүргендіктен, бұл айтулы тарихи күнге қатыспай, тыс қалсам журналистік қызметіме сын болар еді. Футболдың қыр-сырын түсіндіру жолында бар білімім мен жігерімді салдым,-дейді журналист.

Футболдың қыр-сырын зерттеген профессор төсбелгімен марапатталды

Автордың өлшеусіз еңбегін жоғары бағалаған футбол ардагерлері Өмірзақ Сембайұлының «Семей Қазақстан футболының отаны» басылымы келешек ұрпақ үшін өте құнды дүние екенін жасырмады.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде