USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жас қанат» байқауында ШҚО-ның бес таланты өнер көрсетеді

«Жас қанат» байқауында ШҚО-ның бес таланты өнер көрсетеді

Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында жас орындаушылардың облыстық «Жас қанат» байқауы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміз егемендік алған жылдары өмірге келген бұл байқау талай таланттың өнердегі өз орнын тауып, ән әлемінің аспанында қалықтауына жолдама бергені белгілі.

Талай жастың бағын ашып, талай жастың санын соқтырған бұл жоба биыл 23-ші рет өтті. Сондықтан «Жас қанаттың» 23-ші жұлдызы кім болар екен?» деген сауал эстраданы жағалап жүрген екінің бірін мазалайтыны шындық. Мүмкін, республикалық байқауда біздің өңірдің намысын қорғаған әншілеріміздің бірінің маңдайы жарқырар. Өйткені, соңғы жылдары аталған байқауға қатысқан біздің үміткерлер жаман нәтиже көрсетпеген-ді.

Содан болса керек, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы жыл өткен сайын аталмыш байқауға қатысушыларды қолдауды күшейтіп келеді. Соған сәйкес қатысушылардың саны да молая түсуде. Айталық, биыл байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынауға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 36 үміткер өтініш білдіріпті. Бірақ, өңірімізге белгілі әншілер Әлмира Нұрғожина, Арыстанбек Кәкеев, Вячеслав Ткач бастаған қазылар алқасы 21 үміткерге ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік берген екен.

Облыстық сынның соңғы айналымында бес үміткер дараланды. Өңіріміздің абыройын асқақтатады-ау деген бестіктің қатарында семейлік Саяхат Тұрлыбеков пен Нұрлан Түтінов, өскемендік Данияр Жәутіков, абайлық Дәулет Сағатов және Үржардың үкілі үміті Диана Исмайлова бар. Енді оларды республикалық аламанға облыстық мәдениет басқармасы баптайды. Яғни, олардың шығармашылықтарына қатысты қажеттіліктерді аталған басқарма көтереді.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде