USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тарбағатай ауданындағы балықшылар проблемасы шешілетін болды

Тарбағатай ауданындағы балықшылар проблемасы шешілетін болды

Көптен бері түйіні тарқатылмай жүрген Тарбағатай ауданындағы балықшылар проблемасы шешілетін болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтың аудан жұртымен өткізген кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, бұл кездесуге Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Мәулен Қанатбаев, балық шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорын өкілдері мен балықшылар қатысты.

Ресми деректерге сенсек, тиісті орындардың бірлесіп жүргізген рейдтері нәтижесінде 400-ге жуық әкімшілік шаралар қолданылып, 4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. 15 моторлы және 30 ескекті қайық тәркіленген. Бір жылда қытайдың тыйым салынған китмұрт (леска) ауының 3500 данасы балықшылардан, 500 данасы базардан тәркіленіп алынған.

Инспекция басшысының айтуынша, Зайсан көлі 4 телімге бөлінгенімен қазіргі күні оның бір ғана телімі жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай тиісті конкурстардың өтпеуімен байланысты болса керек. Дегенмен, облыс Әкімінің араласуымен бұл мәселе өзінің оң шешімін тауыпты. Алдағы уақытта тарбағатайлық балықшылар Зайсан көлінде бұрынғы кәсіптерін алаңсыз жалғастыра беретін болады.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: балықшылар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде