USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қант сатылымын шектеудің себебі түсіндірілді

Қант сатылымын шектеудің себебі түсіндірілді

Шығыс Қазақстанда қант өнімін толайым бағамен жеткізуші компаниялар: «Өскемен-қант» ЖШС, «Антоненко» және «Боков» жеке кәсіпкерліктері басшылары ел ішіндегі қант бағасын келісіп көтеру туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– 11 ақпаннан бастап аталған өнімге сұраныс шамамен 5 есе өсті. Алыпсатарлар тарапынан болуы ықтимал бағаны көтеру әрекеттерінің алдын алу үшін біз сатуға шектеу қойғанымыз рас. Яғни, бір қолға тек 50 келіге дейін қант сатылуда. Біздің қордағы өнім екі айға дейін жетеді, – деді жеке кәсіпкер Игорь Антоненко.

Бірақ Өскемендегі сауда орындарын қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларының айтуынша, өндіруші зауыттар әзірге қантты жөнелтуге асығар емес. Ал теңге бағамының өзгеруіне байланысты азық-түліктің құны күрт көтеріледі деп қауіптенген тұтынушылар бұл тауарды қапқабымен сатып алуға көшкен. Соның салдарынан өніммен қамтушы жергілікті компаниялар сатылымға шектеу қоюға мәжбүр болған.

Мәселен, «Боков» ЖК-де шектеу 25 килограмға дейін төмендетілген. Кәсіпкерлердің айтуынша, сатылымға шектеу қойылғанмен, ең негізгісі, қант бағасы қымбаттамаған және алдағы наурыздан бастап зауыттар өз өнімдерімен бұрынғыша қамтуға кіріседі.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде