USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Риддерге туристік пойызбен баруға болады

Риддерге туристік пойызбен баруға болады

Шығыс Қазақстан облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Риддер-Өскемен» және «Өскемен-Риддер» бағытындағы туристік теміржол маршрутын іске қосты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әсіресе, Риддерге жексенбі күндері ат ізін салатын туристердің саны жетіп артылады. Биыл шаңғы арқалағандардың қарасы тіпті көп. Ағымдағы жылы, мамандардың айтуынша, қардың аз түсуі Казақстан тұрғындарымен қатар, көрші Рейсей туристері де ақ шыңдары көк тіреген Риддердің тауларына қарай жетелеген.

Ең өкініштісі, Риддер қаласына дейінгі көлік жолдарының сапасыздығы, оған қоса, спорттық және туристік инфрақұрылымның жоқтығы алыстан ат шалдырған меймандарға қолайсыздық туғызады. Осыған байланысты ШҚО орталығы Өскеменнен Риддерге дейін пойызбен жету қолайлы болып отыр. Қазірдің өзінде Риддерге ағылған саяхатшылар қатары апта сайын азаяр емес. Мамандардың айтуынша, заман талабына сай тау шаңғысы базасының бірнешеуін бұл жерлерге салса, келушілер қатары тіптен молаймақ. № 6998-ші пойыз демалыс күндері таңертеңгі 8.00-де Защита станциясынан қозғалады, жету уақыты – 11.37.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Риддер қаласы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде