USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақ тілі мұғалімдері арасында сайыс өтті

Қазақ тілі мұғалімдері арасында сайыс өтті

ШҚО Бородулиха ауданындағы тілдер орталығы қазақ тілінің өркендеп, төрге шығуы үшін қажырлы істер атқаруда. 12 мектептегі үйірмелерде түрлі жастағы өзге ұлт өкілдеріне 12 ұстаз тәлім беріп келеді.

Міне, қазақ тілін үйретіп жүрген мұғалімдер арасындағы "Танысыңыз, ол креативті үйірме оқытушысы" сайысына 12 бірдей ұстаз қатысып, төрт турдан тұратын байқаудың нәтижесінде Камышенка ОМ үйірме оқытушысы Еркежан Ахметқызын қазылар алқасы бір ауыздан бірінші орынға лайық деп тапты.

Енді Еркежан Кенді Алтайдың бас қаласында өтетін Шығыс Қазақстан облыстық байқауында Бородулиха ауданының намысын қорғайтын болады.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қазақ тілі мұғалімдер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде