USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

ШҚО ІІД-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерді марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мекеме баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жиында ШҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов ауған соғысына қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін құтықтап, медальдар мен алғыс хаттарды табыс етті.

Марапатталғандардың арасында Көкпекті ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Сейлханов. Ол 1987-1989 жылдары Шинданд ауданында әскери борышын өтеген. Шемонаиха АІІБ учаскелі полиция инспекторы полиция майоры Ермек Дюсембеков. Ол Ауғанстан астанасы Кабулда қызмет еткен. Және Құндыз ауданында механик-жүргізуші болып қызмет атқарған Ұлан АІІБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Мерхат Түгелов.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен барлығы шығысқазақстандық ішкі істер органдарының 8 ардагері мен 3 қызметкері марпатталды.

Отан алдындағы адалдығы, еңбекқорлығы, қамқорлығы мен жауапкершілігін келер жас буынға үлгі болған ауған соғысының ардагерлеріне Жақыпов Рашид Тауфикұлы алғысын айта отырып, құт-береке, отбастарына амандық, дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр,еңбектеріне табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Рашид Жақыпов шқо іід
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде