USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Астана Опера» Қазақстан бойынша гастрольдік сапарын бастады

«Астана Опера» Қазақстан бойынша гастрольдік сапарын бастады

Өскеменге «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бишілері екі күндік гастрольдік сапармен келіп, қалалықтарды өнерімен тәнті етіп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Металлургтердің мәдениет сарайында өткен астаналық өнерпаздардың концерттік бағдарламасын жұртшылықпен бірге облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да тамашалады.

Бұған дейін Қытайдың Шанхай және Бейжің қалаларында еліміздің мәдени күндері аясында өнер көрсетіп, шетелдіктерді тамсандырған астаналық бишілер өскемендіктердің назарына «Құс жолы» композициясы негізінде ұлттық және әлемдік би өнерінің жауһарларынан үзінділер ұсынды. Қазақ халқының және әлем елдерінің билерін нақышына келтіре орындаған елордалық бишілердің өнерін залға сыймай қалған жұрт тік тұрып тамашалады. Көркем киімге үйлескен әдемі қимыл мен әсерлі қозғалыс көрермендерді бірден баурап алды.

Айта кетейік, бұл – аталған өнер ұжымының еліміз бойынша жасаған алғашқы гастрольдік сапары. Әлемдік турне аясында өнер көрсетіп жатқан астаналық бишілер биыл Алматы, Шымкент, Тараз, Астана және Франция, Австрия, Ресей, Түркия, Корея мемлекеттеріне концерттік қойылымдарымен баруды жоспарлап отыр.

Концерт соңында астаналық өнерпаздарға облыс Әкімі атынан ықылас гүлі ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде