USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ерікті жобаларды басқару семинар-тренингі өтті

Ерікті жобаларды басқару семинар-тренингі өтті

Жуырда Семейдің медициналық университетінде «Ерікті жобаларды басқару» атты студенттерге арналған аймақтық жаттықтырушылар мектебінің курсы жүргізілді. Семинарға қаладағы барлық дерлік оқу орындарының белсенді студенттері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Солардың бірі Шәкәрім университеті филология факультетінің 1 курс студенті Тұрсын Еркебұлан. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор. Себебі, Қазақстанның басты капиталы – жастар болғандықтан, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу қажет. Ал, өткізілген семинар өз кезегінде еліміз үшін әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыс жасайтын еріктілердің тренерлік қабілеттерін дамыта түседі,-дейді Еркебұлан. Ұйымдастырылған семинар-тренингтің мақсаты да сол – жастардың кез-келген жобаларды дайындауда олардың кәсіби дағдылары мен басқару қабілеттерін арттыру. Айта кетейік, Алматы қаласы ғылыми білім беру қорының өкілдері өткізген шараға Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен тағы 2 студент қатысып, білім қоржындарын толықтырды. Тренингке қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Жібек Серғазы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде