USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттер филармониясына қабылдау кастингі өтті

Студенттер филармониясына қабылдау кастингі өтті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қабырғасында «Студенттер филармониясы» ашылмақ. 10 ақпан күні студенттерді филармония құрамына қабылдау мақсатында кастинг жарияланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жоғары оқу орынның баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Студенттер филармониясы» университет басшылығының бастамасымен қолға алынып отыр. Ал, филармонияға Съезбек Сүлейменов, Ақерке Досымбаева жетекшілік ететін болады.

Студенттер филармониясына қабылдау кастингі өттіСтуденттер филармониясына қабылдау кастингі өтті

Студенттер филармониясы «Студент» жастар театры, оркестр, айтыскер ақындар мен эстрадалық әншілерді, мың бұрала билейтін бишілерді дайындау бағыттары бойынша жұмыс атқарады. Кастингке келген 30-ға жуық талантты жастардың 20-сы филармонияның театр бағыты бойынша бақ сынап, сүрінбей өтті. Қатысушылардың ішінде ерекше көзге түскендер де жоқ емес. Олардың қатарында Роллан Кеңесханов, Дәулет Ерлан, Октябрь Дархан, Қуанған Серік, Алтынай Кәкенова сынды өнерпаздар бар.

Кез-келген халықтың өткені мен бүгінгісін танытатын – мәдениет. Себебі, мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Әр ел өзінің ұлттық төл мәдниеті арқылы ғана басқаға танылады» деген еді. Сондықтан, адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – халықтың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген рухани құндылықтар екені сөзсіз. Өнер – мәдениеттің ажырамас бөлшегі. Сайып келгенде, еліміздің мәдениетін, өнерін одан әрі дамытып, өркениетті елдер қатарына қосу өнерлі жастарға жүктеледі. Ал, университте өз жұмысын бастағалы отырған «Студенттер филармониясы» өнерлі жастарды іріктеп, оларды өнерді сүюге баулиды, еңселі еліміздің мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосады.

Студенттер филармониясына қабылдау кастингі өттіСтуденттер филармониясына қабылдау кастингі өтті

Ұймдастырушылардың сөзіне қарағанда, филармония жұмысы сәтті жүзеге асса, одан күтілетін нәтиже де жаман емес көрінеді. Айтуларынша, мәдениет саласында жастарды демеп, бағыт беретін, өнерлерін шыңдай түсуге мүмкіндік беретін жүйе қалыптасады. Бұл біріншіден. Екіншіден, ШҚО-ның мәдениет саласы дами түседі,-дейді филармонияның көркемдік жетекшілері.

Театр бағыты бойынша кастингтен өткен жас талант иелері Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты пьесасына дайындық жұмыстарын бастайды. Ал, «Студенттер филармониясының» оркестрін, айтыскер-ақындарын, эстрадалық әншілері мен бишілерін іріктеу әлі жалғасатын болады.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. жетішатыр
    Жарайсың, Ақерке! Жарайсыз, Секе! Істеріңіз алға баса берсін! "Қою керек қой мұндайды")
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде