USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып берді

Студенттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып берді

10 ақпан күні шет мемлекетте академиялық мобильділік оқу бағдарламасы аясында білім алған студенттер университет жастарымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Германия және Франция елдерінде білімдерін жетілдіріп келген Советбаев Раил, Жармұхаметов Данияр, Тұрғазина Ботагөз, Садықова Тоғжан, Рашкен Алуа өз тәжірибелерімен, алған әсерлерімен бөлісті. Біреу білсе де, біреу біле бермес. Академиялық мобильділік деп отырғанымыз бакалавр, магистрант және жас ғалымдарға білімін тереңдету арқылы шет елде мол тәжірибе жинақтауға жол ашатын бағдарлама. Аталмыш бағдарлама жастардың білім сапасын жоғарлатып қана қоймай, мемлекетаралық байланысты нығайтып, түрлі ұлыс өкілдері арасындағы достықты жақсартуды көздейді.

Студенттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып бердіСтуденттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына үндеуінде жастар мәселесін еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Осы ретте елбасы жас ұрпақтың сапалы білімді болу керектігін алға тартады. Иә, жауапкершіліктің ауыр жүгі жастардың мойнында екені рас. Әлемдегі дамыған 30 елдің терезесімен тең болуды мақсат еткен Қазақ елінің міндеті – білімді, білікті маман тәрбиелеу. Ал, академиялық мобильділік бағдарламасы студенттерге білімдерін шыңдап, қазіргі заманға лайық іс-тәжірибе алуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Студенттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып бердіСтуденттер шетелдік білімнің қыр-сырын айтып берді

Өзге елдің мәдениеті мен салт-дәстүріне қанық болып келген студенттер өз сөздерінде шетелдік білімнің қыр-сырын айтып өтті. Жасыратыны жоқ, Германия мен Франция – азаматтарға жоғары білім берудің инновациялық жүйесі мен ғылыми, академиялық бағдарламалардың сан түрлілігін қолдану арқылы әр елдің студенттерін тартуда. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар. Себебі, шетелдік білім мен тәжірибе елімізді алға қарай адымдатуға жетелейтін күш десек те болады. Ал, мұндай қуатты күшті егеменді елдің жігерлі жастары ел игілігі үшін тиімді пайдаланса игі.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде