USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен волейболшылары Қазақстан чемпионатында екінші орын алды

Өскемен волейболшылары Қазақстан чемпионатында екінші орын алды

Павлодар қаласында ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстанның ХХІІ чемпионаты «үлкен» екінші турының ойындары мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа қатысқан «Алматы», «Павлодар», «Атырау», «Тараз», «ТНК Казхром» (Хромтау), «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), «Есіл» (Петропавл), «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен) командалары екі топқа бөлініп, сынға түсті.

Өскемендік волейболшылар Павлодарда тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Жерлестеріміз қарсыластарының денін бірегей 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Оралдық волейболшылармен шаршы алаңдағы сайыс аса тартысты өтті. Өскемендіктер бұл ойында да қарсыластарына есе жіберместен 3:2 есебімен жеңіске жетті. Тек темір-таулық волейболшылармен өткізген кездесуде ғана 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Екінші турдың қорытындысында өске-мендік волейболшылар 18 ұпаймен көш бастаған болатын. Ал жалпы екі тур ойындары бойынша 32 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Екі ұпайды артық жинаған «Конденсат-Жайықмұнай» командасы бірінші орынға шықты. Алматылықтар 30 ұпаймен үшінші орында тұр.

Екінші турдың қорытындысы бойынша біздің командадан Юрий Шульга, сондай-ақ, Владимир Прокофьев («Конденсат-Жайықмұнай»), Виталий Эрдштейн («Алматы»), Юрий Воробей («ТНК-Казхром»), Евгений Коваленко («Павлодар»), Сергей Ембулаев («Есіл»), Қайрат Байбеков («Атырау»), Юрий Башкатов («Тараз») үздік ойыншы атанды.

12-21 ақпанда үшінші тур ойындары Өскеменде өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде