USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби-сазды кеш өтті

Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби-сазды кеш өтті

7 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында Мұзтаудың мұзбалағына айналған ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер әуелете шырқалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жоғары оқу орынның баспасөз хатшысына сілмете жасап.

«Жігітінен қазақтың дос таба алмай», бар сырын ақтара айтқан Фариза қызға да арнаулар оқылып, еске алынды.
Факультеттің «Жебе» ақындар үйірмесінің жас ақындары да өз кезегінде шығармашылықтарын паш етіп талантты өрендер өнерлерін ортаға салды.

Кеш сәнін келтіріп, көркін қыздырған ерекше сәт Семей өңірінен шыққан көмейінен күміс төгілген, қара домбырасын жанына серік еткен Тұрсынғазы Рахымовтың орындауындағы әннің шырқалуы еді. Сонымен қатар, әнші ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Я, жатарушы Аллам» өлеңіне жазылған жаңа ән тұңғыш рет университет сахнасында шырқалды.

«Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» Мұқағали поэзиясы мәңгілік екенін тағы бір мәрте танытты бұл кеш.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Мұқағали Мақатаев
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде