USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Республикалық олимпиада Семейде аяқталды

Республикалық олимпиада Семейде аяқталды

3 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Инженерлік-технологиялық факультеттің «Машинажасау технологиясы және механика» кафедрасы негізінде бастау алған «Қолданбалы механика» пәні бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жоғары оқу орынның баспасөз хатшысына сілмете жасап.

Естеріңізге сала кетейік, қалада тұңғыш рет өткен олимпиадаға еліміздің әр аймағынан жиыны 10 жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысқан еді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жақсы өнер көрсеткені үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразия университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті командалары марапатталды.

«Қолданбалы механика» бойынша «Машина бөлшектері» пәнінен 1 орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті иеленді. Ал, Атырау мұнай және газ институты 2 орынды қанжығасына байласа, Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командасы 3-ші орынды қанағат етті.

Республикалық олимпиада Семейде аяқталды

Қолданбалы механика бойынша «Материалдар кедергісі» пәнінен жекелей есепте 1-ші орын Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті Асан Тұрар Асанұлына бұйырды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Серікбаев Нұрбол Әзімбайұлы 2-ші орынды еншілесе, 3-ші орынға Жәңгірхан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен келген Назарова Нұргүл Нұрланқызы ие болды.

Аталмыш пәннен командалық есеп бойынша жүлдегерлер де жоқ емес. Мәселен, 1-ші орынға Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2 орынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, ал 3 орынға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командалары лайық деп танылды.

Қазақ – қонақжай халық. Осы бағытты ұстанған Университет ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы алыстан ат терлетіп келген жарысқа қатысушы меймандарға қонақжайлылық танытты. Жарыс жүлдегерлерімен жүздесті. Жастармен жүздесу барысында университет басшысы мұндай олимпиада алдағы уақытта өз жалғасын табатынын айтты. Кездесуге келген студенттер де Шәкәрім университеті басшылығына өз тараптарынан зор алғыстарын білдірді.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде