USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сынап төккендер іздестіріліп жатыр

Сынап төккендер іздестіріліп жатыр

Зырян ауданының экологтары жергілікті Суарнасы мекемесі жанынан алынған топырақ құрамынан рұқсат етілген мөлшерден бес есе артық сынап барын анықтады. Қазір сынап төккендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кеншілер шаһарындағы Суарнасына жақын маңда орын тепкен өндірістік қалдықтар сақталған аумақта шынысы сынған, адамның қызуын өлшейтін аспаптар табылған. Мамандардың айтуынша, сынапты жерге төгу арқылы бәз біреулер топырақ құрамындағы алтын металын анықтауға әрекет қылған. Бұл жағдай экологтарды қатты алаңдатып отыр. Себебі, қауіпті зат су құбырына және Бұқтырма су қоймасына түсіп, араласып кетуі ықтимал.

Арнайы тексеру амалдарын жүргізген тиісті орындардың өкілдері судың құрамында сынап мөлшері табылмағанмен, топырақ сынамасында ол қалыпты деңгейден 4,7 есеге дейін артқанын растады.

Бүгінде жергілікті тәртіп сақшыларымен топыраққа сынап төккен қаскөйлер іздестірілу үстінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде