USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сүт тың технологиямен өндіріледі

Сүт тың технологиямен өндіріледі

ШҚО Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жергілікті тұрғындары өңдеу кәсіпорындарын күніне 30 тонна сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандағы он тауарлы сүт фермасында 2780 ұрғашы мал, соның ішінде 2483-і сауын сиыр бағылуда. Қазіргі кезде мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, технологиялық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл осы салада екі ірі инвестициялық жобаны іске асыру шаралары одан әрі жалғастырылады.

«Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы 1200 бас сауын сиырды байламай бос ұстауға лайықталған тауарлы сүт фермасын салуды, сүт өндірісіне автоматты желі арқылы басқарылатын биоотын қондырғысын орнатып, энергия үнемдейтін технологияны енгізуді қолға алды.

Аудандағы алты асыл тұқымды шаруашылық сүт бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысуда. Биыл ірі қара санын 22,7 мың басқа жеткізу, 45 мың тонна сүт өндіру жоспарланған.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: сүт
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде