USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында бірінші орынды иленді

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында бірінші орынды иленді

Қазақстан жастар құрамасы Бангкокта (Таиланд) бокстан өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа 16 елдің боксшылары қатысты. Қазақстан боксшылары 10 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алты алтын және үш қола медальды жеңіп алды.

64 келіге дейінгі салмақта үлкеннарындық Аян Қалибеков қарсылас шақ келтірместен дара шықты. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Аянның бапкері Жарас Жақбаровтың айтуынша, чемпионаттың бірінші күні ол филиппиндік боксшыны айқын басымдылықпен ұтып, екінші күні моңғолиялық, үшінші күні таиландтық спортшыны, шешуші бәсекеде өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Қазақстан қоржынын кезекті алтын медальмен толтырды.

Аян ел үмітін ақтап, шетелде көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Ол осы чемпионат қорытындысында халықаралық дәрежедегі спорт шебері талабын орындап шықты.

Жарас Жақбаров алты ай бойы республикамыздың әр өңірінде жүріп, білікті бапкерлермен бірге Аянды Азия чемпионатына баптап, даярлады.

– Алда үлкен жарыстар күтіп тұр. Сәуірде Аян Болгария астанасы Софияда бокстан өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысады. Одан кейін жастар арасындағы Олимпиадаға барады, – дейді жаттықтырушысы Жарас Жақбаров.

Аян Қалибеков – бокстан жасөспірімдер және жастар арасында еліміздің бес дүркін жеңімпазы. 2011 жылы Астанада өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылы Азия чемпионы атанса, былтыр Қазақстан спартакиадасында және сол жылы желтоқсанда өткен Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Тұрсынхан Базарбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде