USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Онлайн режімінде оқушыларға кеңес берілді

Онлайн режімінде оқушыларға кеңес берілді

4 ақпан күні Абай ауданы «Абай» атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушылары онлайн режімінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің жетекшісі мамандарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жағары оқу орынның баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Мектеп бітірушілер ҰБТ-ға, оқуға түсу ережелеріне қатысты, дайындық курстары туралы кең көлемде ақпараттар мен кеңестер алды. Бұл шара алыс аудандағы оқушыларды университет, ондағы мамандықтар туралы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кездесуге мектеп директоры Тілеуханов Роллан Рымханұлы, университеттегі репетиторлық мектептің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Мүрсәлімов Төлеуғазы Кәметайұлы, физика-математика ғылымдырының кандидаты Анияров Альмир Асқарұлы қатысты.

Сөйтіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жаңа формаға көшті. Мұндай кездесулерді басқа да аудандардағы ауылдық мектептермен бектіліген кесте бойынша өткізу жоспарланып отыр.

Жібек Серғазы
сурет афтордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде