USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік басталды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік басталды

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі президиумының кезекті мәжілісі өтіп, онда Катон-Қарағай аудандық ардагерлер кеңесінің есебі, Жеңістің 70 жылдығына әзірлік, басқа да бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Катонқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Тұрысбаев ауданда ардагерлер ұйымының құрылымын жетілдіріп, рөлін күшейту мақсатында қолға алынып, атқарылған шаруаларды баяндады.

Ауданда 39 бастауыш ардагер ұйымы болса, оның 26-сы еңбек ұжымдарында, 13-і ауылдық округтерде жұмыс істейді. Қазір 3910 зейнеткер, Ұлы Отан соғысының 13 ардагері, үш мүгедегі, 787 тыл ардагері бар.

Президиум мүшелері аудандағы ардагерлер кеңесінің жұмысын әлі де жандандыра түсу, ауылдық округтерде ардагерлер бас қосатын орындарды ұйымдастыру қажеттілігін айтты. Мәселен, аудан ардагерлерінің үштен бірі бастауыш ұйымдардың тіркеуінде жоқ.

Ең басты мәселе – алда келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын ауданда лайықты мерекелеу мақсатында осы бастан әзірлік шараларын қолға алу қажет. Жастарға патриоттық тәрбие беретін, аға ұрпақтың кешегі ерлігін насихаттайтын іс-шараларды көптеп өткізу қажет.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Бердюгин ағымдағы жылғы жұмыстар, 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуге орай қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері арасында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша үздік ұйымдастырушылық жұмыстан облыстық байқау ұйымдастыру, «Біздің ата-бабаларымыз – Жеңіс батырлары» акциясын өткізу мәселелері жайында баяндады.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде