USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа абоненттік қатынау жабдығы іске қосылды

Жаңа абоненттік қатынау жабдығы іске қосылды

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Семей қаласы бойынша заманауи AMG мультисервистік абоненттік қатынау жабдығын іске қосты. Жабдықты енгізгеннен кейінгі құрастырылған сыйымдылық 5232 нөмірді құрайды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жалпы, қазір Шығыс Қазақстанда GPON технологиясы негізіндегі жабдықтарда нөмірлік сыйымдылықты 4100 нөмірге дейін кеңейту (құрастырылған сыйымдылық 5000 нөмірді құрайды) жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

ШҚО телекоммуникация дирекциясы бас директорының орынбасары А.Скорнастың айтуынша, «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Өскемен және Семей қалаларында көпқабатты үйлерге талшықты-оптика желілерін жүргізу жөніндегі жоба нәтижелі жүзеге асырылуда.

– Бүгінгі күні біз FTTH (Fiber to the Home) технологиясы бойынша ғаламторға кең жолақты қатынау желісін 678 үйге қостық. Кезекте тұрған адамдардың сұранысын қанағаттандыру үшін базалық станциялардың нөмірлік сыйымдылықтарын кеңейтудеміз. Осының арқасында тұрғындар жоғарғы жылдамдықтағы лимитсіз Интернет (Id Net), Id Phone, интерактивті цифрлық теледидар (Id TV) сынды қызмет түрлеріне қол жеткізе алады, – дейді А.Скорнас.

Қызметті қосудың техникалық мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты жақын маңдағы «Қазақтелеком» АҚ пункттеріне немесе «160» телефон нөміріне (қоңырау соғу тегін) хабарласып алуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде