USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ақын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас берді

Ақын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас берді

ШҚО Әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі орталық мешітте Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Асқа өңірдің ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстың барлық аудандарынан келген меймандар қатысты.

Ақын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас бердіАқын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас берді

– Фариза Оңғарсынова – бір өңірдің ғана емес, бүкіл елдің қызы. Ол саналы өмірін ел-жұртына арнаған ақын. 74 жасында өмірден өткен Фариза апамызды бүкіл қазақ елі Астанада құрметпен шығарып салды. Бұл рәсімге Төкен ақсақал Ибрагимов бастаған шығысқазақстандық делегация да қатысты. Еліміздің барлық өңірі көңілін білдіріп, қайғыға ортақтасып жатқан Фариза туралы айтылар әңгіме көп. Егер қазақта Фаризадай қыздар көп болса, еліміздің еңсесі ешуақытта түспейді. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!, – деді Шығыс Қазақстан облысның басшысы.

Ақынның рухына арнап облыстың бас имамы Нұрлан қажы Асанов Құран бағыштады.

Ақын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас бердіАқын Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап, ас берді

Сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қанипа Бітібаева, көрнекті абайтанушы Төкен Ибрагимов, "Абай" журналының редакторы Мұратбек Оспанов қазақтың аяулы ақын қызы туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Жазушы-публицист Әлібек Қаңтарбаев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Фрунзе Жақсылықов аталған шараның елді біріктіретін игі іс екенін жеткізді.

Думан Анаш
Суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Фариза Оңғарсынова
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Айна
    Қабыл болсын! Сауабы тие берсін!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде