USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мемлекеттік қызметте жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық істер қаралды

Мемлекеттік қызметте жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық істер қаралды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Кеңес төрағасы Т.Жұмағұловтың төрағалығымен өткен жиында жеті мәселе, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәжілісте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бұзған Бородулиха ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары О.Морозоваға, Үржар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Семеноваға, бөлімнің сектор меңгерушісі Л.Енинаға, бас маман С.Қоңыратоваға қатысты тәртіптік істер қаралды.

Прокуратура органының тексеруі барысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде Бородулиха және Үржар аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен мамандарының заңбұзушылықтар жібергені анықталған. Атап айтқанда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен пайда есепке алынған, ал нақтысында қосалқы шаруашылықтан пайда алынбаған. Сонымен қатар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан заңсыз бас тартылған.

Қараудың қорытындысы бойынша кеңес мемлекеттік органдардың басшыларына жоғарыда аталған тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқықтық бұзушылық жасағаны үшін «өз қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар, тәртіптік кеңес отырысында орта білім мекемелерінің басшыларын тағайындау кезінде конкурстық Ережені бұзған Бесқарағай ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы К.Тастанбековаға және оның орынбасары Ж.Омаралинаға қатысты тәртіптік істер қаралды. Тәртіптік кеңес отырысының қорытындысы бойынша Бесқарағай ауданының әкіміне К.Тастанбекованы «өз қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасалды. Бесқарағай ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысына Ж.Омаралинаны «өз қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасалды.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде