USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Заңсыз балық аулауға арналған 45 мың метр ау тәркіленді

Заңсыз балық аулауға арналған 45 мың метр ау тәркіленді

Шығыс Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы, орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет отряды, балық инспекциясы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесе отырып, Зайсан көліндегі заңсыз балық аулау фактілерін анықтауға бағытталған үш рейдтік шара өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Рейд барысында Құйған және Күршім ауылдарынан ғана 11 балық аулау тәртібін бұзу фактісі анықталып, 11 адам әкімшілік жазаға тартылды. Оған қоса, жалпы ұзындығы 1 500 метр ау мен 100 килограмнан артық заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Жалпы, осы үш рейдтік шара нәтижесінде барлығы 45 мың метр ау тәркіленіп, төрт мыңнан астам балық өзен-көлге қайта жіберілді. Ал тәркіленген балықтың жалпы салмағы 500 келіден асқанын айта кеткен абзал. Тәркіленген аулар комиссия мүшелері көзінше өртелінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: балық аулау
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. Арнұр
    Балықты аулау браконьерліккі жата ма? Негізі осы ауыл жақтың адамдары балықты өзен-көлден ұстап жатады ғой көктем мен жаз айларында, ондайда заң бұзушылық болып табылады ма?
  2. Азиз
    Айтпақшы, Ертіс өзенінен қыста балық аулауға баратындар көп емес пе? Күршімге өтетін паром жақта, сосын қыста машина жүретіндей мұз қатқан кезде олар барат та мұзды ойып тастайт дұрыс емес қой, біреудің өміріне қауіп төндііріііііп
Біз әлеуметтік желілерде