USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мектеп дәретханаларына бейне бақылау камералары орнатыла ма?

Мектеп дәретханаларына бейне бақылау камералары орнатыла ма?

Өскемен мектептеріндегі бейнебақылау камераларының саны екі есеге көбейеді. Өткен жылы қаладағы қырық бес мектепке 268 камера орнатылса, биыл бақылау құрылғылары 536-ға көбеймек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл – оқушылардың үзіліс уақытында мектеп ішінде немен айналысатындарын бақылау үшін қажет.

- Камералар оқушылар көптеп шоғырланатын дәліздерге орнатылады. Мектептің кіре берісі де бақыланатын болады. Балалар санының көптігінен ұстаздар мен күзетшілерге мектеп ішіндегі тәртіпті қадағалап отыру қиынға соғады, сол себептен де қолданысқа бейне бақылау құрылғыларын енгізіп жатырмыз, - дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Дәретханаларға камера орнату жөніндегі сұраққа басшылық тарапынан жауап берілген жоқ. 2013 жылы мұндай да ұсыныс болған. Бұған негіз болып отырған мәселе оқушылардың дәретхананы төбелестерге арналған ринг, немесе шылым шегетін орын рет ретінде пайдалануында.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
7 комментариев
  1. Жасұлан
    Дәретханаға бақылау камерасын орнатқаны несі? Оданда егер ұл балалар жиі жиі төбелеседі десеңіздер, енді мектепте ер мұғалімдер бар ғой солар барып бақылап тұрсада жетет қой.
  2. Назерке
    Дәретхананың кіре берісіне орнатуға болады. Бейне бақылау көп болса, тәртіп күшті болат енше мектепте, содан соң сыртта да барлық жерге орнатып тастаңдар! Ақыл екен мынадарың....
  3. Айдын
    Дәретханаға дейін камера орнататындай мектептегі қал-ахуал тіптен қиын бе не? Бірақ, баланың қай ортада өзін қалай ұстайтындығы үйдегі тәлім-тәрбиеге байланысты емес пе?
  4. Әлия
    Орнатып керек емес. Бұндайды қай мақұлық айтып жүр сендерге? Қай мемлекеттен көрдіңдер што мектептеріндегі туалетте камера тұрғанын!!!!!! Айтарға сөз жоқ, ұят қой мынау дегенің?! Деңгейіміз соншалықты төмендеп кеткеніме сонда???? Сене алар емеспін
  5. Аида
    Тәртіпке бағынған құл болмайды.
    (с) Бауыржан Момышұлы
  6. Өскемен
    Кезінде қазақтар бейнебақылау құрылғысында, түрме дегенді де атымен де затымен білмеген, мүндай сорақылықтың бәрі қайдан шығып жатыр осы?! Бәрі баланың сана-сезіміне,ақылына байланысты төбелесем десе камера түгілі охраникте ажырата алмайт рингтегі (дәретханадағы) боксерларыңды
  7. Нурмухаммед
    Бейнебақылауға бюджеттен қаражат бөлудің еш қажеті жоқ, ең бірінші мектеп әкімшілігі ата-аналармен тікелей жұмыс жасауы керек. "Ұяда не көрсе - ұшқанда соны іледі".
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде