USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Соңғы жиырма жылдың ең үздік автокөлігі анықталды

Соңғы жиырма жылдың ең үздік автокөлігі анықталды

Top Gear журналы жүргізген нұсқа бойынша жиырмажылдықтың ең үздік автокөлігі анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Infosmi.net сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш журнал конвейерден 1990 жылдардан бері шыққан 50 автокөліктің рейтингін жасаған. Алайда тізімге негізінен жылы жаңа автокөліктер жайғасқан. Рейтинг 100 мың адам қатысқан онлайн-сауалнама негізінде түзілген.

Рейтинг бойынша сауалнамаға қатысқандар 2005 жылы шыққан Bugatti Veyron автокөлігін ең үздік деп таныпты. Автокөлік қозғалтқышының көлемі 8 литр. Bugatti Veyron автокөлігінің қуаты мың аттың күшіне тең. Бұл агрегат спидометр көрсеткішін 100 шақырым сағатқа 2,5 секундта-ақ жеткізе алады. Сағатына 400 шақырымды еркін бағындыратын Bugatti Veyron автокөлігінің әлем бойнша 300 данасы ғана шығарылған.

Екінші орынды Volkswagen Golf GTI автокөлігі иемденген. Бұл көліктің алғашқы нұсқасы 2005 жылы шыққан. Жалпы Golf моделі Volkswagen автоконцернінің тарихындағы ең сәтті жоба болды. Өйткені Golf моделі ең өтімді, сұранысқа ие автокөліктердің үздік үштігін құрайды.

Журнал рейтингі бойынша үштікті зауыттан 2013 жылы шыққан Rolls-Royce Phantom автокөлігі түйіндеп тұр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстандағы ең қымбат автокөліктер рейтингіжасалған болатын. Бір қызығы бұл тізімде де ең қымбат автокөлік ретінде 2013 жылы шыққан Bugatti Veyron қара үзген болатын. Бұл автокөліктің Қазақстан автонарығындағы құны 2,5 миллион долларға бағаланған. Ал бұл тізімде Rolls-Royce Phantom "бар болғаны" 10-шы орынды місе тұтқан. Бұл темір тұлпарға иесі 350 мың доллар сұраған-ды.

Мәлімет көзі: Tengrinews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде