USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестірілуде

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестірілуде

Өскемен қаласында 2014 жылдың бірінші айында жолаушы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған үш қылмыс тіркеліп үлгерді. Облыстық ІІД-нің деректеріне сәйкес, 2013 жылы орын алған дәл осындай 7 жол-көлік апатының беті де әлі ашылмаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

09.01.2014 жылы шамамен 11 сағат 30 минутта Амур көшесіндегі №4 үйдің ауласында мемлекеттік нөмірі анықталмаған қара түсті шетелдік көлік 16 жастағы қызды қағып кетті. Көліктің «Круиз» таксиі екені ғана белгілі.

12.01.2014 жылы Өскемен қаласындағы Әуезов даңғылы бойында «Император» сауда үйінің жанында белгісіз жүргізуші 60 жастағы қарт адамды қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Жол-көлік оқиғасы көліктің дөңгелегі шығып кетіп, машина техникалық жарамсыз жағдайға келгендіктен орын алды.

13.01.2014 жылы Гагарин бульварындағы №20 үйдің ауласында Ғ6ХХХХХ әріптері бар, сериясы белгісіз, кабинасы ақ түсті, тент көк түсті, «Газель» автокөлігі артқа жылжыған кезде 51 жастағы әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Зардар шегуші дене жарақаттарын алған.

06.12.2013 жылы шамаман 07 сағат 20 минутта Ворошилов-Крупская көшесінің реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінде белгісіз жүргізуші 13 жастағы қызды қағып кетті. Бұл жолы да анықталмаған көлік иесі оқиға орнын тастап кеткен.

09.12.2013 жылы шамамен 18 сағат 30 минутта Михаэлис көшесінің бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінде анықталмаған көліктің белгісіз жүргізушісі 29 жастағы әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

13.13.2013 жылы 07 сағат 45 минутта Потанин көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінде белгісіз жүргізуші әйелді қағып кеткен.

19.12.2013 жылы шамамен 07 сағат 40 минутта Карбышев-Ломоносов көшелерінің қиылысындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінде мемлекеттік нөмірі Ғ182 «Лада» автокөлігінің жүргізушісі жүргіншіні өткізбей, қағып кетті.

22.12.2013 жылы шамамен 00 сағат 30 минутта Космическая көшесі №3 үйдің маңында болжаммен Джип көлігінің белгісіз жүргізушісі 48 жастағы ер адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған.

23.12.2013 жылы шамамен 12 сағат 30 минутта Добролюбов көшесінде анықталмаған көліктің белгісіз жүргізушісі 75 жастағы қартты қағып кеткен. Бұл жүргізуші де оқиға орнынан жасырынған.

24.12.2013 жылы шамамен 07 сағат 40 минутта Гагарин Бульвары көшесінде
белгісіз жүргізуші анықталмаған көлікте әйел адамды қағып, оқиға орнын тастап кеткен.

Жоғарыда баяндалған оқиғаларға қатысты қандай да ақпарат болатын болса, ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондарына немесе 77-46-76 телефоны арқылы іздеу бөліміне хабарласуға болады. Беймәлімділікке кепілдік беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
3 комментария
  1. Окырман
    30 күні Өскеменде Ленинагорская көшесінде „Каламбур„ кафесі маңында ашық түсті көлік жаяды басып кеткен. Жүргізуші оқиға орынан ізін жасырған. Осы оқиға неге тізімде жоқ? Әлде жүргізуші табылды ма?
  2. Аноним
    Барлығына жүргізушісіне кінәлауға болмайды. Жаяу жүргіншінің өзіненде бар ғой. Жасыратыны жоқ, кейде сабаққа, жұмысқа кешігіп бара жатқанда бағдаршамға қарамай өтіп кетіп жатамыз, ал кейбір кезде көлік жүргізушілер қызыл түстің жанып тұрғанына қарамастан жүріп кетіп жатады
  3. Дархан
    Адамның өмірін қиып, қалай жер басып жүр екен оңбаағандар? Бұндайларды көлік жүргізу құқығынан айырып, түрмеге қамату қажет 3-4 жылдап
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде