USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттік Парламент жастардың қоғамдық өмірге араласуын арттырмақшы

Студенттік Парламент жастардың қоғамдық өмірге араласуын арттырмақшы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті - Қазақстандағы ең іргелі жоғары оқу орындардың бірі әрі бірегейі. Мұнда білім алып жүрген жас студенттер қоғамдық өмірге белсене ат салысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, университетте студенттердің білім алуымен қатар, спортпен шұғылдануларына барлық жағдай жасалған. Студенттер өздерін жан-жақты қырларын көрсетіп, өзін-өзін тәрбиелеуге үлесі зор студенттік Парламент ұйымы да 2011 жылдан бастап жұмыс істейді мұнда. Аталмыш ұйымның жаңадан сайланған көшбасшысы – Айдос Төлеуханов. Ол Үржар ауданының тумасы. Осы орайда Айдосты әңгімеге тартып көрген едік...

- Айдос, студенттік Парламент ұйымының басты мақсаты не?

- Студенттік Парламент – бұл университет ішіндегі ұйымдардың қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысуын қадағалайтын бірден бір үлкен ұйым. Мақсаты - студенттердің әлеуметтік жағдайын қорғау және іске асыру. Оқу орындағы ғылым және мәдени іс-шараларда жұмыс атқарып жүрген студенттерді жастар мәселесі жөніндегі құқықтық нормаларды бекітуге жұмылдыру. Студенттер арасында құқықтық норма қалыптастыру.Университет қабырғасындағы барлық ұйымдарының жұмысын қадағалау және бақылау.

- Осы уақытқа дейін талай-талай студенттік ұйымдарға төрағалық етіпсің. Ал, студенттік Парламент көшбасшысының бойында қандай қасиеттер басым болуы тиіс?

- Студенттік Парламент болсын, басқа ұйым болсын көшбасшыға лайық, адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі - шешендік өнер деп білемін.

- Жастар – егеменді елдің алтын діңгегі. Бүгінгі таңда жастардың қоғамдағы рөлі қандай? Олардың қоғамдық өмірге араласу белсенділігі қандай? Нендей кемшіліктер бар осы тұста? Көшбасшы ретінде пікіріңді білсек...

- Жастар қай елде болмасын ең басты қозғаушы күш екені баршаға мәлім. Біздің елдің жастары Елбасының тікелей назарында, яғни қоғамда орны ерекше қолдауға ие деп білемін. Биылғы жылы университетімізде жастардың қоғамдық өмірге араласуы бәсеңдеу деп ашық айта алам. Себебі, прогресс деген дүние жоқ, сол өзгеріссіз келе жатқан жоспардан болар бәлкім. Сол себепті жастардың қызығушылықтарын арттыру үшін жоспардан тыс іс -шаралар ұйымдастырудамыз.

- Студенттік Парламенттің алдағы жоспары?

- Жоспар көп. Соның ішіндегі ең негізгісі - университетте дебат ойынынан ресубликалық турнир өткізу.

Студенттік Парламент жастардың қоғамдық өмірге араласуын арттырмақшы
Айдос Толеуханов

- Білуімше, жеткен жетістіктерің аз емес сияқты. Дегенмен, өз аузыңнан естісем деймін...

- Ауыз толтырып айтар жетістігім, 2006 жылы футболдан Қазақстан чемпионы, 2008 жылдың қорытындысы бойынша футболдан қаламызда «Үздік ойыншы» атандым, 2011 жылы «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы деп танылдым, ал 2012 жылы Семей қалалық «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай мектеп оқушыларының үйлестірушісі, республикалық, халықаралық форумдардың ШҚО атынан делегаты болдым, Семей қалалық «Жігіт сұлтаны-2013» байқауында Бас жүлдені иелендім.

- Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Арман-мақсаттарың көп шығар?

- Арманым - тәуелсіз жас мемлекетімнің және универститетімнің тарихынан өз атымды қалдырып, ойып тұрып орын алу. Мақсатым - барлық саланы қамтып үздіксіз өсу. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!

- Рахмет, салихалы сұхбатыңа.

Сұхбат жүргізген: Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
4 комментария
  1. Еділ
    Айта берет қолдарынан түкте келмейт, неме осы бәрін әшин қатырамыз, керемет қыламыз деп жалған уәделеріңді беруден бір жалықпайт екенсіңдер, қойсаңдарш осындайларыңды бауырым.
  2. Шалқар
    Уа-ха-ха)) Парламент құрмақшысыңдар ма? Студенттердің барлығына жеккөрінішті боласыңдар әлі-ақ, белің көтере алмайтын шоқпарды байламағаның жөн.
  3. Мен
    Бұрындары дебатқа менде қатысқанмын. Семейліктердің айтуынша Өскеменнің дебеттерлары нашар, ережені күшті білеміз деп ойлайт дейді. Бірақ, кезінде мектепте Семейде оқығанда сол жақтада ойнағам дебатты. Білеміз, Семейліктер өз дебаттерлеріне тақырыпты алдын ала беріп қоят, содан кейін олар мықтылап дайындалып алад, сосын кім жаман ойнайт? Өскемендіктер болып шыға келеді. Не де болса әділетті өткізген дұрыс қой! Ең біріншіден, әділдікті үйреніп алыңдар ол үшін...
  4. Үкімет
    Меніңше дұрыс бастама! Өз қатарластарымызды қолдаудың орнына неге қарсы шығып отырсыздар! Егер бұл ұйымды құрған белсенді, білімді, жан-жақты студенттер болса меніңше барлығын алып кетеді. мен қолдаймын және сәттілік тілеймін. Бұл жастардан жирену емес үйрену керек. Балағаттағаннан ешнәрсе ұтпайтындарың айдан анық емес пе?! **)
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде