USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алдағы жылы «Алматы - Өскемен» тас жолы жөнделеді

Алдағы жылы «Алматы - Өскемен» тас жолы жөнделеді

2015 жылы Өскемен – Алматы тас жолы жөнделеді. Жолдың кейбір учаскелері кеңейтіліп, шұғыл бұрылыстар түзетіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір жолдың негізгі жөндеуді қажет ететін тұстары анықталып, есеп-қисап мәселелері жоспарлану үстінде. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға бір жыл, яғни бүкіл 2014 жыл кетеді, - деп мәлімдейді «ҚазАвтоЖол».

Негізгі күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы басталғанмен, биылғы жаздан бастап Аягөз бен Қалбатау арасындағы ең ой-шұңқыры көп жерлерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле бастайды.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
4 комментария
  1. Эврика
    Жолаушының жағдайы жөнделейін деген екен-ау... Дегенмен мына жолды жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде автобус қай жақпен жүреді ол кезде соны айтындарш а!
  2. Мәдинә
    Ой оны қойш, біздің ауылымыздың жолы соңғы жылдарды қатты нашарлап кетті. Жөндеу жұмыстары жасалмағанына да біраз жылдар болды. Жол бойы ойық-ойық, сау-тамтығы қалмаған. Ауылдың ішіндегі жолдардың жағдайы да мәз емес. Ауылымызға қаладан, жан-жақтан жастар, студенттер, ауыл тұрғындары қатынайды. Бірақ біздің ауылға көлік жүргізушілері бармайды жолдың жамандығынан , сөйтіп кейде түнге қалып, ауылға жете алмай қалатын кездеріміз болады.
    Мүмкіндік болса, осы жолды жөндеуге бола ма?
  3. Аяна
    Қаланың жолын қатырып алсын ауыл аймаққа баратын жолды айта алмаймын, бірақ салған күнің өзінде де сапасы өте нашар болады әй бірақ халық айтты екен деп түзеліп жатқан ештеңе жоқ қой))
  4. Құралай
    Тақтайдай тегіс жолды айтпағанда, ой-шұңқыры жоқ жолға бір жете алмайтын сорлы болдық. Неге екенін қайдам, биыл жасалған жол келесі жылы жөндеуді керек етіп тұрады. Ал бастықтардың айтуына қарағанда, бұған климат кінәлі екен)))))))
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде