USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатында көз жұмды

Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатында көз жұмды

Шемонайха ауданында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты Шемонайха –Усть-Таловка тас жолының 4 шақырымында тіркелді. «Деу-Нексия» шетелдік көлігінің жүргізушісі түнгі 1 сағат 30 минутта жолда кетіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Зардап шегуші Шемонайха аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Екі адам мерт болған тағы бір жол-көлік оқиғасы «Семей-Курчатов» тас жолында орын алды. «Тойота-Камри» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «ПАЗ» қоғамдық көлігімен бетпе-бет қақтығысқан. Осы бақытсыз оқиғаның салдарынан «Тойота-Камри» көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. Әлия
    Курчатовқа баратын жол жаман содан кейін жол апаттары қалай болмайды? Көлік ішінде неше адам болыпты?
  2. Аида
    Еххх, күре жол қанша жөнделгенімен, жол апаты азаймай тұр ғой, жолда жүргенде абай болыңыздар дегім келеді темір тұлпарды тізгіндеп жүрген азаматтарға..
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде