USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сарапшылар Сочи Олимпиадасында жүлдеге үмітті спортшыларды атады

Сарапшылар Сочи Олимпиадасында жүлдеге үмітті спортшыларды атады

Сочи олимпиадасынан Қазақстан кемінде 2 медаль алады десе, мамандар соның бірін Денис Теннен күтеді, деп хабарлайды 24.kz.

Тайпейде өткен төрт құрлықтың чемпионаты жерлесіміз үшін олимпиада алдындағы соңғы дайындық болды. Жарыстың алғашқы күні спортшылар қысқа бағдарламада өнер көрсеткен.

Нәтижесінде Денис 5-сатыдан көрінді. Ал еркін бағдарлама жерлесіміз 4-көрсеткішке ие болды. Оның алдын Жапон және Қытай спортшылары орады.

Олимпиадаға баратын қазақстандық тағы бір спортшы Абзал Рақымғалиев 15-сатыға орналасты. Ал жұптық бәсекеде сынға түскен Дарын Жүнісов пен Ксения Коробкова тек 13-орыннан табылды.

Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық Infostrada сараптама орталығының жорамалы бойынша Қазақстан Сочиде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орын алуы ықтимал екенін хабарлаған болатынбыз.

Бұл сараптама орталығының сарапшылары жасаған болжамға сәйкес, алтынды шаңғышы Алексей Полторанин жекелей жарыста иеленеді, ал қола жүлдені Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық жарыста алуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: сочи олимпиадасы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде