USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей университетінің құрметті профессоры атанды

Семей университетінің құрметті профессоры атанды

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы жаратылыстану ғылымдарының академигі Рскелдиев Бердан Әбдәзімұлына Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

«Құрметті профессор» атағын растайтын арнайы куәлікті университет ректоры Шәріпбек Әмірбеков өз қолымен табыс етті. Алматы техникалық университетінің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бердан Рскелдиев Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің 1974 жылғы түлегі. 2008 жылы университетке арнайы шақырылып, қара шаңырақта ғылым, инновациялық және халықаралық қызмет жөніндегі проректор болып адал еңбек етті.

Профессор Рскелдиев өз әріптестерімен бірлесе отырып, соңғы 5 жылда өндіріс саласына ет өнімдерінің жаңа 10 атауын енгізгені студенттерге үлгі боларлық игі іс. Себебі, бүгінгі жастардың ғылымды жетік меңгерген мұндай азаматтардан үйренері көп.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде